29 желтоқсан 2024
"Qainar" колледжінде өрт кезіндегі эвакуация бойынша жоспарлы жаттығу өтті
2024 жылдың 29 қазанында "Qainar" колледжінде өрт кезінде эвакуация жасау бойынша жоспарлы жаттығу сәтті өтті.
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай туындаған кезде студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің әрекеттерін пысықтау. Жаттығу қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықты, практикалық эвакуацияны және жылдам әрекет етуге дайындықты қамтыды.
Барлық қатысушылар үйлесімді іс-қимыл жасап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқу орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру үшін өте маңызды.