«QAINAR» КОЛЛЕДЖІ

2015 жылғы 26 мамырдағы № 92LAA00004947 лицензия Алматы қ.

«Желтоқсан қаһармандары – тәуелсіздік символы» атты іс шара аталып өтті .

18 желтоқсан 2024

«Желтоқсан қаһармандары – тәуелсіздік символы» атты іс шара аталып өтті .

Жалпы бұл іс- шараның басты мақсаты : Қазақстан тарихының ұлы беттерінің бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының батырларын еске алу және бұл оқиға – қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылысының айқын дәлелі екенін ұмытпау

Біздің кездесуге арнайы келген құрметті қонақтарымыз – Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлеріміз!

Ол кісілер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, сол күндердің ауыртпашылығы мен батырлығын көз алдымызға қайта әкелгендей болды. Бұл – әрбіріміз үшін тарихымызды терең түсінуге және болашаққа ұмтылуға үлкен мүмкіндік.

Бүгінгі кездесуде сіздердің әрбір сөздеріңіз біз үшін құнды. Сіздердің ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болып, отансүйгіштік рухын қалыптастырады.

Желтоқсан қаһармандарының есімі мәңгі жүрегімізде сақталады!

 


Ілгері